Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2015 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында «Есіл» ауданын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 тамыздағы № 637 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін қалыптастыру мақсаты үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берілетін кодтардың тізбесінде: «Астана қаласы-21» деген бөлім «Есіл-320» деген жолмен толықтырылсын; 2) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: «Барлығы, штат саны* (бірлік)» деген бағанда: «Астана қаласы» деген жолдағы «1011» деген сандар «1043» деген сандармен ауыстырылсын; «ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «47492» деген сандар «47524» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі және Астана қаласының әкімі белгіленген тәртіппен: 1) өзінің бұрын шығарылған актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін; 2) осы қаулыдан туындайтын езге де шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|