2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама (Астана, 2024 жыл 20 мамыр)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөнiндегi комитетін құру туралы келiсiмнің (бұдан әрі - Келісім) 4-бабы 2-тармағының және 7-бабының негізінде Келісімге мынадай өзгерістер енгізуге келісті:
1. Келісімнің кіріспесінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «екі мемлекет халықтарының игілігі үшін Тараптардың түрлі салалардағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігін ілгерілету мақсатында,». 2. Келісімнің 4-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тараптар Комитет шеңберiнде мынадай Кiшi комитеттер (бұдан әрi «Кiшi комитеттер» деп аталады) құрады: 1) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Сауда және интеграция министрлiгi; Қытай тарапының үйлестiрушi органы: Коммерция министрлiгi. 2) Көлiктiк ынтымақтастық жөнiндегi кіші комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Көлiк министрлiгi; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Көлiк министрлiгi. 3) Өткiзу пункттерi арасындағы және кеден iсi саласындағы ынтымақтастық жөнiндегі кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Бас кеден басқармасы. 4) Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Ғылым және жоғары білім министрлiгi; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Ғылым және технологиялар министрлiгi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|