|
|
|
27.03.2023 «Гендерлік саясаттың дамуы»
Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 223-IV Заңы ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдікке жағдай жасауға қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейді. Қазақстан Республикасының ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Гендер – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын,сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. Отбасылық зорлық-зомбылық орын алса, яғни, отбасы мүшесінің заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалып, оның тәніне немесе жан-дүниесіне моральдық зиян келтірсе, яғни, ерінің әйеліне күш көрсетуі бұл қасақана іс-әрекет болып саналады. Тіпті, әйелдердің үй шаруасын жалғыз атқаруының өзі оны кемсіту деп есептеледі. Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Яғни гендерлік саясат — елдің демократиялануының бір тетігі. Гендерлік саясатты бүкіл демократиялық үрдістерден көз жазбаған, озық дамыған, бәсекеге қабілетті елдердің барлығы ұстанады. Ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің нақты теңдігін қамтамасыз ету, билік құрылымдарындағы әйелдер мен ерлерді теңдестіру – уақыт талабы. Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады. Гендерлік теңдік — әлеуметтік функцияларды орындау кезінде жыныстық тегіне қарамастан әйелдер мен ерлердің ресурстар мен игіліктерге тен дәрежеде қол жеткізуі. Гендерлік тең құқықтылық — әйелдер мен ерлердің заң алдындағы тең құқықтағы гендерлік теңдікке жету жолдарының бірі болып табылады. Қоғамдық саяси өмірде гендерлік теңдікке жетудің міндеттері болып: әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және жағдайын жақсарту, олардың қоғамдық-саяси өмірге теңдік негізінде жан-жақиы қатысуы. Шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілдігін артыру үшін пәрменді тетіктер мен уақытша шараларды енгізу. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың еңбек тәрбиесін бөліп қараған. Дәстүрге сай, әйелдің орны – от басы, ошақ қасы деген ұғымға сәйкес қыздарына тәрбиеберген. Қыздарынан өз жеке басының шешімін қабылдай алатындай тұлға тәрбиелеу, өз бойындағы тұлғалық әлеуетті көрсете алатындай әлеуметтік мүмкіншілік беру — бір отбасының ғана міндеті емес, оны қоршаған мәдени-әлеуметтік қоғамның барлық мүшелерінің парызы, демократиялық, озық дамыған, бәсекеге қабілетті елдердің мақсаты. Гендерлік саясаттың еліміз үшін маңыздылығы, тереңдігі осы болса керек.
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе бас маманы Д. Салауатов
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |