«Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 11 шілдеге № 550 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) мен Қордың тобына кіретін ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру тәртібін айқындайды.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Қордың интернет-ресурсында орналастырылған қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтық, ұйымдық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын Қор қабылдайды.»; көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесінде және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|