Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қосымшаға сәйкес, Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындалсын. 2. Астрахан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын: 1) Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5545 тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі; 2) Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-6 «Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылғы 9 қарашадағы № 6С-44-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6878 тіркелген, 2018 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі. 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|