Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты құрылымдық бөлімшелеріне бекітуді бекіту туралы (2022.04.11. берілген өзгерістермен)
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЬІРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің бекітілуі бекітілсін. 2. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты құрылымдық бөлімшелеріне бекітуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жауапты хатшысының міндетін атқарушының 2020 жылғы 18 қарашадағы № 742 бұйрығының күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті осы бұйрықты қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің назарына мәлімет үшін жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің 2022.04.11. № 969 бұйрығымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 92 бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты құрылымдық бөлімшелерін бекіту
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|