|
|
|
Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 7 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104-бабы 1-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік комиссия отырысының 2022 жылғы 24 ақпандағы хаттамасын, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 қаулысын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Солтүстік Қазақстан облысының аумағында карантиндік шектеу іс-шаралары туралы» Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 2 қаулысының 15-тармағында: 15) осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес критерилер негізінде «Ashyq» жабасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу; 1) Осы қаулының қосымшасына сәйкес, әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлерінің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын; 2. Ішкі саясат басқармасы: 1) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын (таратсын); 2) БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы қабылданған қосымша шаралар туралы халықты жаппай ақпараттандырсын; 3) өзгеріп отырған жағдайды ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіруді және орталықтандыруды қамтамасыз етсін. 3.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 6 қаулысына 1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қантардағы № 2 қаулысына 1-қосымша
Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары
«+» - қызметке рұқсат етілген; «ü« - қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген; * - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес); ** - ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде (жұмыс орнында) жұмыс істеуіне жол беріледі.».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |