|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы
Осы редакция 2017 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қол қойылған күннен бастап күшіне енді Қосымша келісім ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 298 Қаулысымен мақұлданды
Білім және көрсетілетін қызметтер инновациялық өнімдерінің, сондай-ақ табыс деңгейі орташа елдер тізіміне кіретін Қазақстан үшін дамудың озық тәжірибесімен алмасудың құндылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі (бұдан әрі - АДБ) Білім және тәжірибе алмасу бағдарламасы (бұдан әрі - БТАБ) бойынша бірлескен ынтымақтастықта өзара түсіністікке қол жеткізді. Осы меморандум Үкімет пен АДБ (бұдан әрі Тараптар деп аталады) арасындағы БТАБ, оның мақсаттары, ауқымы, ынтымақтастық бағыттары және уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша өзара түсіністікті айқындайды. БТАБ Қазақстан үшін АДБ-ның елдік әріптестік стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылатын болады.
1.1. БТАБ мақсаты Қазақстан мен АДБ арасында білім саласындағы әріптестікті озық білім, озық тәжірибе алмасуға назар аудара отырып тереңдету мен күшейту және инновацияларға ықпал ету және ел экономикасының тиімділігін арттыру мақсатында әлеуетін нығайту болып табылады. 1.2. БТАБ негізгі төрт тақырыптық бағытты қамтитын болады: (і) жан-жақты өсу және экономиканы әртараптандыру; (ii) институционалдық және саяси даму; (iii) өңірлік ынтымақтастық және интеграция, және (iv) бәсекеге қабілеттілік пен тиімділікті арттыру.
2-бап. Бірлескен қызметтің бағыттары
2.1. БТАБ макро және салалық деңгейдегі мәселелерді қамтитын болады, елдің әлеуетін дамытуға жәрдемдесу бойынша ғылыми зерттеулерді, білім және озық практикамен алмасу саласындағы шешімдерді іздестіруді ғана емес, сондай-ақ қажет болған жерде технологиялар трансферті үшін мүмкіндіктер іздестіруді қамтитын болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|