Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 14/124-VII шешiмiмен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымындағы № 37/257-5с шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2736 болып тіркелген) Шымкент қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 504, 505, 506-баптармен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері: 1, 2, 4, 5 және 6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 50 (елу) пайызға; 7 аймақта автотұрақтарға (паркингтерге, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 40 (қырық) пайызға; 10 аймақта ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланатын жерлерді 50 (елу) пайызға қолданыстағы жерлерге арттырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|