Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай халық республикасы бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай халық республикасына экспортталатын су өнімдерінің инспекциясы, карантині және оларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттама (Сиань қ., 17 мамыр 2023 ж.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - «ҚР АШМ») және Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы (бұдан әрі - «ҚХР БКБ») Қазақстаннан Қытайға экспортталатын су өнімдерінің инспекциясы, карантині және оларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы келісім жасауды қалай отырып, төмендегілер туралы келісті:
ҚР АШМ және ҚХР БКБ осы Хаттаманың іске асырылуын қамтамасыз ететін құзыретті органдар болып табылады. Құзыретті органдар өз атаулары мен функцияларындағы қандай да бір өзгерістер туралы дипломатиялық арналар арқылы бірін-бірі дереу хабардар етеді.
Осы Хаттама шеңберінде Қазақстан Қытайға су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге арналған тірі су жануарлары мен материалдарды; 1973 жылғы 3 наурыздағы Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға (CITES) қосымшаларда немесе мемлекет қорғайтын негізгі жабайы жануарлар тізімінде (LSKPWA) санамаланған түрлерден алынған су өсімдіктері мен су өнімдерін қоспағанда, табиғи су ортасында еркін өмір сүретін балық ресурстарын, оның ішінде су жануарларының консервілерін (бұдан әрі - су өнімдері) экспорттайды.
ҚР АШМ ҚХР БКБ талаптарына сәйкес Қытайға экспортталатын су өнімдерінің инспекциясы және карантиніне және ветеринариялық (санитариялық) сертификаттар беруге жауап береді, олардың үлгілері Қытаймен келісілетін болады.
ҚР АШМ ҚХР БКБ-ға балық аулау, өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, ауруларды мониторингтеу, зертханалық зерттеулер, ауыстырып-тиеу және экспорттауға қатысты Қытайға экспортталатын су өнімдерінің сапасын, қауіпсіздігін бақылаумен байланысты тиісті ішкі заңдарды, қағидаларды, стандарттарды, сондай-ақ инспекция және карантин рәсімдерін ұсынуы тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|