«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жұмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жұмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13873 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы қызметкерлерінің үлгілік еңбек нормалары мен нормативтерін бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 101-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы қызметкерлерінің үлгілік еңбек нормалары мен нормативтері бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жұмыскерлерінің еңбек нормаларында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы қызметкерлерінің үлгілік еңбек нормалары мен нормативтері». 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|