Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызметтік тергеу жүргізудің және тәртіптік жаза қолданудың тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 қарашадағы Заңына, қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқық бұзушылық жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 - 2021 жылдарға арналған жол картасының 37-тармағына сәйкес, ішкі істер органдарының қызметкерлерін құқық бұзушылық, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілігін арттыру және қызметтік тергеулер жүргізу кезінде заңдылықты бұзушылықтарға жол бермеу бөлігінде басшыларға практикалық көмек көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызметтік тергеу жүргізудің және тәртіптік жаза қолданудың тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі А.Д. Калайчидиге және Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы полиция полковнигі А.А. Садановқа жүктелсін. 3. Осы бұйрық қой қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 1080 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызметтік тергеу жүргізудің және тәртіптік жаза қолданудың тәртібі туралы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|