Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшері, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшері мен оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы (2016.30.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 265 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2016.30.12. № 705 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакция (бұр.ред.қара)
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Қаржы министрінің 2016.30.12. № 705 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшіге және оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақының мөлшерлері; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшерін, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшерін төлеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|