Осы редакция 2019 жылғы 21 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 440 бұйрығына 2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан және оның аумақтық бөліністерінен шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық бөліністері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн қағаз тасымалдағыштарда беру болып табылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсетеді, сондай-ақ мынадай құжаттар: 1) мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 320 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына тізілімде тіркелген мемлекеттік тіркеу № 11087 (бұдан әрі - Стандарт) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушыға өтініштердің бланкілерін көрсетілетін қызметті көрсетуші Стандарттың 9-тармағына сәйкес береді; 2) Стандарттың 9-тармағына сәйкес апостиль қою үшiн мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбiртек ұсынады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|