«Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 489 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 489 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 33 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 489 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – әдістемелік ұсынымдар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдардың функцияларын заңнамалық және заңға тәуелді деңгейлерде белгілеу мәселелерін шешу кезінде норма шығармашылық қызметінде қолдануға арналған. 2. Заңдарда мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің негізін құрайтын олардың функциялары, сондай-ақ іске асырылуы Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көрсетілген: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|