«Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, 38-1 бабы 7-тармағына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы» № 294 бұйрығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін. 2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі «Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімі аппаратының» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 283/3 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Зеновке жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2023 жылғы 28 шілдедегі № 603/6 қаулысына қосымша
«Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. «Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Достық ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|