Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 cәуірдегі № 146 бұйрығына 5-қосымша
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017.02.03. № 53 бұйрығымен алып тасталды
«Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет көрсету). 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi. 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының мәдениет саласы (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi) жүзеге асырады. Өтініш қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесі; 2) www.egov.kz «электрондық үкiмет», www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудің мерзiмi: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде - 15 (он бес) жұмыс күнi; 2) көрсетiлетiн қызметтi берушiде құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты - 15 (он бес)минут; 3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді түрде бас тартады. 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электронды (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|