Кассациялық сатыда қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібі туралы
ҚР Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 2 Нормативтік қаулысымен 2022 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
Заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы қылмыстық-процестік заңнаманың өзгеруіне байланысты және оны біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 52-тарауының нормаларына сәйкес бірінші сатыдағы соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулылары олар апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдері мен қаулылары кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін болатыны түсіндірілсін. Аппеляциялық шағымдарды заңда белгіленген тәртіппен кері қайтарып алған жағдайда бірінші сатыдағы сот актілері апелляциялық сатыда қаралмағандықтан, кассациялық сатыда қайта қаралуға жатпайды. Егер істің апелляциялық сатыда процеске басқа қатысушылардың шағымдары бойынша немесе прокурордың наразылығы бойынша қаралуы орын алса, онда бұл өтінішхат авторының апелляциялық сатыға жеке өзінің жүгінуі туралы ҚПК-нің 484-бабының талаптарын сақтауын білдірмейді. Сотталған адамның (ақталған адамның) мүддесі үшін қорғаушының, өкілдің немесе заңды өкілдің немесе жәбірленушінің мүддесі үшін өкілдің немесе заңды өкілдің апелляциялық шағымдары апелляциялық сатыда қаралған жағдайларда сотталған адамның (ақталған адамның) не жәбірленушінің берген өтінішхаттары олардың апелляциялық сатыға жеке жүгінулеріне қарамастан кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|