ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына 16-қосымша
Жеке табыс салығы бойынша декларация
Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына 17-қосымша
«Жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00-нысан) салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленді және Жеке табыс салығын (бұдан әрі - ЖТС) есептеуге арналған «Жеке табыс салығы бойынша декларация» бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 337-бабы 1-тармағына, 358,366-баптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салықтарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар - дара кәсіпкерлер және Салық кодексінің 700-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Салық кодексінің 337-бабы 1-тармағына, 358, 366-баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ Салық кодексінің 30-тарауына сәйкес резидент емес жеке тұлғалар жасайды. 2. Декларация декларацияның өзінен (220-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (220.01-ден 220.05-ке дейінгі нысандар) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|