Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2020 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидалары (бұдан әрі - Кепілдік беру қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және кәсіпкерлердің кредиттері бойынша міндеттемелердің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды. 2. Кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)/«Қолжетімді кредит беру міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларды кредиттеу тетігі (бұдан әрі - Тетік) шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша жүзеге асырылады. 3. Кепілдік беру кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету құралы болып табылады және кредит ресурстарына қолжетімділікті кеңейту мен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. 4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражат: Бағдарлама бойынша - облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі қаржы агентіне олардың арасында жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджет есебінен аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|