|
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде: 331-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «331. Төреліктерде соттың тиісті шешімі күтілетін дауларды реттеуге бағытталған қаражатты қоспағанда, айырбасталған шетел валютасын мемлекеттік мекеме шетел валютасындағы шотқа есептелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде мақсатқа сай пайдалануы тиіс. Шетел валютасын пайдаланбаған не жете пайдаланбаған жағдайда осы мерзім аяқталғаннан соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық қазынашылық бөлімшесі шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім беру қажеттілігі туралы мемлекеттік мекемеге жазбаша хабар береді.»; 340-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|