Жамбыл облысының қалалар мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы № 7-7 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының қалалар мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23-13 шешіміне қосымша
Жамбыл облысының қалалар мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-15) тармақшасына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10886 болып тіркелген, 2015 жылдың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес әзірленді және Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғау тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|