Осы редакция 2015 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 297 қаулысымен бекітілген
«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметі) жергілікті атқарушы органдармен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - ветеринариялық анықтама болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме, көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №664 қаулысымен бекітілген «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт ) 9 - тармағында көзделген, көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарын алуы болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдау және оларды тіркеу - 30 (отыз) минут; 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қарауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін рәсімдеуі -жүгінген күні ішінде. 3) көрсетілетін қызметт і алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру - 30 (отыз) минут.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|