Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы (2025.01.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Алға аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары Г. Ахметоваға жүктелсін. 4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ: «Алға ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Мұқанов 15 наурыз 2019 жыл
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|