COVID-19 коронавирустық инфекциясын болжамдау және қажетті жауап іс-шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 18-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирустық инфекциясын болжамдау және қажетті жауап іс-шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 2. Осы бұйрық қабылданған күннен бастап жұмыс тобына апта сайынғы негізде алты ай ішінде: 1) халықаралық тәжірибенің жаңа деректерін ескере отырып, COVID-19 коронавирустық инфекциядан сырқаттанушылық және өлімнің барлық тіркелген жағдайларын талдауды қамтамасыз етілсін; 2) COVID-19 коронавирустық инфекциясын болжау бойынша ұсыныстар және оның деңгейін төмендетуге бағытталған қажетті жауап іс-шаралары бойынша ұсынымдар әзірленсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерден COVID-19 коронавирустық инфекциядан сырқаттанушылық және өлімнің барлық тіркелген жағдайлары бойынша жұмыс тобының мүшелеріне ақпарат беруге жәрдемдессін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М.Е. Шорановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 609 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|