ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты, iзгiлiк қағидаты басшылыққа алына отырып қабылданды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғым Осы Заңның мақсатында әлеуметтік жағынан осал адамдарға: «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын ардагерлер мен басқа да адамдар; қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезінде он сегіз жасқа толмаған адамдар; осы Заң қолданысқа енгiзiлетін күнге елу жасқа толған және ол жастан асқан әйелдер, алпыс жасқа толған және ол жастан асқан ер адамдар; осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге жүкті әйелдер; осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге ата-ана құқықтарынан айырылмаған және он сегiз жасқа толмаған балалары, оның iшiнде асырап алған не қорғаншылыққа және (немесе) қамқоршылыққа алған балалары бар не қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және сотталған кезінде асырауында жасына қарамастан мүгедек баласы (мүгедек балалары), сондай-ақ бала кезінен мүгедек баласы (мүгедек балалары) болған әйелдер; осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге ата-ана құқықтарынан айырылмаған және кәмелетке толмаған, оның iшiнде асырап алған балаларының жалғыз ата-анасы болып табылатын не қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және сотталған кезінде асырауында жасына қарамастан мүгедек баласы (мүгедек балалары), сондай-ақ бала кезінен мүгедек баласы (мүгедек балалары) болған ер адамдар; осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылғандар жатады.
2-бап. Қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босату 1. Қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан: 1) қылмыстық теріс қылықтар және (немесе) онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|