ҚР СТ 3949-2023
5. Қорғаудың тиімділігін бағалауды жүргізу кезінде азаматтық газқағарларды сынау әдістері
Осы стандарт бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда азаматтық ересек халықтың, ұйымдардың қызметкерлерінің және төтенше жағдайлардың радиоактивті, улы және күшті әсер ететін улы заттардан, бактериялық/биологиялық құралдардан болатын салдарларын жоюды қамтамасыз ететін бөлімшелердің жеке құрамының тыныс алу ағзаларын, беті мен көзін қорғау үшін арнайы әзірленген азаматтық сүзгіш газқағарларға (бұдан әрі - азаматтық газқағарлар) қолданылады. Осы стандарт азаматтық газқағарларды қорғау тиімділігін бағалауды және сынақ әдістерін белгілейді. Осы стандарт тыныс алу ағзаларын жеке қорғау құралдарының (ТАЖҚҚ) мынадай түрлеріне қолданылмайды: - әскери; - өрт сөндірушілер (оның ішінде эвакуациялау үшін). - медициналық; - авиациялық; - өнеркәсіптік.
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік стандарттау жөніндегі құжаттар қажет: ГОСТ 12.4.041-2001 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Тыныс алу ағзаларын сүзгіш жеке қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар. ГОСТ 12.4.119-82 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Тыныс алу ағзаларын жеке қорғау құралдары. Аэрозольдер бойынша қорғаныс қасиеттерін бағалау әдісі. ГОСТ 12.4.157-75 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өнеркәсіптік сүзгіш газқағарлар мен респираторлар. Майлы тұманды алдыңғы бөлігіне copy коэффициентін анықтаудың нефелометриялық әдістері. ГОСТ 17.2.6.01-86 Табиғат қорғау. Атмосфера. Елді мекендер ауасының сынамаларын іріктеуге арналған аспаптар. Жалпы техникалық талаптар. ГОСТ 1770-74 Зертханалық өлшегіш шыны ыдыс. Цилиндрлер, өлшеуірлер, колбалар, сынауықтар. Жалпы техникалық шарттар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|