Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 6С 19/9 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Атбасар аудандық мәслихатының «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 6С 19/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6596 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде: мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын: «3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады. Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады: 1) 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі; 2) 10-15 мың халық – жиналыстың 11-15 мүшесі; 3) 15-20 мың халық – жиналыстың 16-20 мүшесі; 4) 20 мыңнан астам халық – жиналыстың 21-25 мүшесі. 3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады. 3-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы Регламенттің 3-2-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.»; 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі: бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау; Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|