Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы (2013.21.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 3 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын және оның ұзақ мерзімді «Кәсіби мемлекет» басымдығын орындау мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) 2000 жылғы 1 қазанға дейін орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жақсарту, олардың ұйымдық құрылымдарын оңтайландыру, басқару буындарының санын қысқарту жөніндегі түбегейлі шаралар кешенін әзірлесін; «Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығының орындалу барысы және оны іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2001 ж. 7 ақпандағы № 11-ө өкімін қараңыз 2) орта буын басшыларының - министрліктер құрамындағы комитеттер мен департаменттердің, агенттіктердің және жергілікті атқарушы органдар басшыларының алдында тұрған стратегиялық мақсаттар мен нақты міндеттерге қарай олардың рөлі мен жауапкершілігін күшейтсін; ҚР Президентінің 2007.27.11. № 447 Жарлығымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) ведомстволардың санын, министрліктер мен агенттіктердің штат саны лимиттерін, олардың басшы лауазымды тұлғаларының санын ұлғайтуды тек қана Мемлекет басшысының не оның уәкілеттік беруімен Республика Президенті Әкімшілігінің келісімімен жүргізетін болсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|