Осы редакция 2016 жылғы 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен
бекітілді
«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласы әкімдігінің аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық жағдай актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті нәтижесін ұсыну баламалы түрде:
1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде беріледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - қағаз жеткізгіште азаматтық хал актісінің тіркелуі туралы куәлік.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 7 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы/тегін түрде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып Стандарттың 1 немесе 2 қосымшаларына сәйкес өтініші негіз болып табылады.