Осы редакция 2016 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 120-2110 қаулысына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы - «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО); 2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама алу үшін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде ақпарат жоқ болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жүгінеді) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|