Осы редакция 2019 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.14.06. № 272 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.25.09. № 494 бұйрығымен оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына 2-қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы (2018.25.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Негізгі ережелер
1. Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.25.09. № 494 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады: 1) біліктілік емтиханы - теориялық және практикалық дайындығының, тәжірибесі мен құзыреттілігінің жеткілікті екендігін объективті айқындауға, олардың талаптарға сәйкестігін бағалауға және біліктілік деңгейін беруге мүмкіндік беретін рәсім; 2) біліктілік комиссиясы - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульді игеру қорытындысы бойынша жұмысты біліктілігін беру рәсімін өткізу үшін құрылатын алқалы орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|