2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 133 бұйрығы (2020.17.09. берілген өзгерістермен)
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 55) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес балық және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта алып қою лимиттері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарында балық және басқа су жануарларын 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта аулаудың лимиттері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.17.09. № 224 бұйрығымен лимиттері жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|