Қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесін жүргізу мәселелері туралы
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 467 бұйрығын қараңыз (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
«Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы 2-тармағының 9) тармақшасын және 6-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім беру бағдарламаларына сараптама жасайтын сараптама ұйым және қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесін жүргізуге жауапты ұйым ретінде айқындалсын. 2. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесін жүргізу жөніндегі ұсынылған ереже бекітілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 553 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|