«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар): 42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «42. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талабы Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге, сондай-ақ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 502 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 26087 болып тіркелген) Мүгедектерге ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес олардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.»; мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын: «51-1. Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол осы Қағидалардың 44-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады.»; 65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|