Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы 16 наурыздағы № 224 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2023 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар;»; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия;»; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, оның ішінде таратылуы шектелген қызметтік ақпарат және онымен жұмыс істеу, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристiк қызмет, туризм және туристік индустрия, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»; 34-1) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 43-1) тармақшамен толықтырылсын: «43-1) мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады және ол туралы ережені бекітеді;»; 68) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 77-1) тармақшамен толықтырылсын: «77-1) мәдениет саласында мемлекеттік стипендия беру қағидаларын бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 79-1) тармақшамен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|