Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы (2023.29.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|