Осы редакция 2019 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.11.01. № 12 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 387 бұйрығына 2-қосымша
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2018.11.01. берілген өзгерістермен)
1. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі: 1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 6 (алты) жұмыс күні; Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін барынша ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін барынша ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|