Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша салалық жоспарды бекіту туралы (2025.07.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1134 қаулысымен бекітілген Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 31-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «жұмысшы мамандықтар» жылына арналған салалық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары: 1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын; 2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 1 күнінен кешіктірмей Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және жобаларды басқару департаментіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын. 3. Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және жобаларды басқару департаменті 2025 жылғы 10 шілдеден және 2026 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Білім министрлігіне Жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Министрліктің Аппарат басшысына жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және таратылуға жатады.
ҚР Көлік министрінің м. а. 2025.07.02. № 42 бұйрығымен іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Көлік Министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 21 бұйрығына қосымша
Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша іс-шаралар салалық жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|