|
«Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген өкіммен құрылған Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген өкіммен бекітілген Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия туралы ережеде: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Комиссия қызметінің мақсаты экономиканы монополиясыздандыру және оған мемлекеттің қатысуын қысқарту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.»; 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Шұғыл мәселелер туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімімен Комиссияның сырттай отырысы өткізілуі мүмкін.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Комиссияға: 1) телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиаактивтер және басқа салаларды монополиясыздандыру; 2) жеке кәсіпорындардың тауар нарықтарына жаппай қатысуын ынталандыру мақсатында мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту; 3) өндірістің негізгі факторларына қолжетімділікті қамтамасыз ету; 4) шектеулі ресурстармен биржалық және конкурстық сауда-саттық көлемін ұлғайту, биржалық сауда-саттық тізбесін кеңейту; 5) монополиялық нарықтарды қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлердiң бағалары мен тарифтерiн реттеу, тарифтерді кросс-субсидиялау тәжірибесін жою бойынша шаралар қабылдауды қоса алғанда, бәсекелестiктi дамытуды тежейтін кедергiлердi жою мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу жөніндегі міндеттер жүктеледі.»; мынадай мазмұндағы 7, 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын: «7. Басқа консультативтік-кеңесші органдардың мәселелерін қарауды қайталамау мақсатында Комиссия өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес келмейтін мәселелерді қарамайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|