Тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 280-НҚ бұйрығы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты 2021 жылға арналған тарифтік квоталар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін осы тауарларға қатысты тарифтік квоталар көлемдерін белгілеу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 8 тамыздағы № 102 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тарихи өнім берушілер арасында 2021 жылға (2-кезең) тарифтік квоталар көлемі бөлінсін. 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың Орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 280-НҚ бұйрығына қосымша
Тарихи өнім берушілер арасында 2021 жылға (2-кезең) тарифтік квоталар көлемін бөлу
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|