Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартта: 10) тармақша алып тасталсын; 11) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «11) техникалық минимум - конденсациялық, жылуландыру, газ турбиналық және бу-газ электр станциялары үшін - тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін - Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығыстарын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төмен рұқсат етілетін электр қуатының қосындысы, МВт;»; 14) және 15) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын: «14) электр қуатын төмендетудің аттестатталған жылдамдығы - генерацияның электр қуатын төмендету жылдамдығының мәнін тіркеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасында тіркелген энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын төмендету жылдамдығының орташа мәні, МВт/минутпен; 15) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы - генерацияның электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін тіркеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы уақыт ішінде энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минутпен;»; 9-тармақтың 6) және 7) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|