Алматы облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын: 1) Алматы облысы әкімдігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2021 жылғы 26 ақпанындағы № 75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5894 тіркелген) қаулысы; 2) Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпанындағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» № 75 қаулысына өзгеріс мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсанындағы № 479 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25977 тіркелген) қаулысы. 3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|