Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1409 қаулысында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму стратегиясында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму жоспары»; «Кіріспе» деген бөлімде: екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Осы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 2013 − 2022 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі – Жоспар) оның стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын және қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мыналардың:»; «Миссия және пайымы» деген 2-бөлімде: «Миссиясы» деген кіші бөлімде: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Біздің көзқарасымыз бен Жоспарымыз қызметімізді біртіндеп және үздіксіз жақсарту әрі дамыту арқылы өзіміз ұмтылатын болашаққа бастайды.»; «Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің негізгі көрсеткіштері және күтілетін нәтижелері (1-қосымша, 1.1-қосымша)» деген 3-бөлімде: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|