Педагогтерді аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 87 бұйрығы (2023.13.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының 4 және 33-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.13.11. № 334 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтерді, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттаудан өткізу үшін аттестаттау комиссиясы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құрамда «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтерді, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары педагогтерінің қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау үшін сараптамалық кеңес құрылсын. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.13.11. № 334 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (К.Б. Жұмашев) және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (А.Б. Қасымова): 1) «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтердің, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін педагогтердің портфолиосына олардың қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық қорытуды жүргізу үшін сараптама кеңесінің жұмысын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|