Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 170 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 336-НҚ бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидалар
1. Осы Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған және көлік құралының типін мақұлдауларды шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу тәртібін анықтайды. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) көлік құралының типін мақұлдау - «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентін қабылдау туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 Еуразиялық экономикалық комиссияның Шешімімен бекітілген 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (бұдан әрі - КО ТР 018/2011) талаптарына бір типке жататын, айналымға шығарылған көлік құралдарының сәйкестігін куәландыратын құжат; 2) құзыретті орган - 1958 жылғы 20 наурызда Женева қаласында жасалған, Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдар негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім және КО ТР 018/2011 шеңберінде құзыретті органның қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|