«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 141 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 235-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары осы қаулыға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 185 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысымен бекітілген
Аэротүсiрілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және оларды беру тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік, арнайы және (немесе) салалық мақсаттағы қызмет үшін фотографиялық, телевизиялық, инфрақызыл, радиолокациялық және басқа да аппаратураның көмегімен орындалатын аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және оларды беруді геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|