Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының «Қарасу - автожол» және Қырғыз Республикасының «Ақ-Тілек - автожол» өткізу пункттері арасында жаңа көпір салу және қолданыстағы көпірді реконструкциялау бойынша бірлескен іс-қимылдар туралы КЕЛІСІМ (Бішкек қ., 2019 жылғы 27 қарашада)
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 285 Қаулысымен бекітілді
2020 жылғы 11 қыркүйекте күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі екі мемлекеттің өңірлері арасында өзара алмасулар және сауда-экономикалық байланыстар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жыл бойы сенімді және тұрақты қатынасты қамтамасыз ету және дамыту қажеттілігін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының «Қарасу - автожол» және Қырғыз Республикасының «Ақ-Тілек - автожол» өткізу пункттері арасындағы автожол көпірлерін жобалау, салу, реконструкциялау, пайдалану және оны күтіп-ұстау жөніндегі бірлескен іс-қимылдар туралы шешімді іске асыруға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімде «көпірлер» термині Қазақстан Республикасының «Қарасу - автожол» және Қырғыз Республикасының «Ақ-Тілек - автожол» өткізу пункттері арасындағы шекаралық Шу өзенінің арнасы арқылы өтетін автожол көпірлері (бұдан әрі - көпірлер) деп түсініледі.
Осы Келісімді іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіруді Тараптардың уәкілетті органдары: Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі; Қырғыз тарапынан - Қырғыз Республикасы Көлік және жолдар министрлігі жүзеге асырады. Өздерінің уәкілетті органдары өзгерген жағдайда Тараптар бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
Көпірлерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға пайдалануға және оған қызмет көрсетуге жауапты ұйымдар: Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|