Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 57 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды жүргізу, іріктеу комиссиясының құрылуы мен қызметінің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы заңдарына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру Ережесіне сәйкес әзірленді (бұдан әрі - әскери қызмет өткеру Ережесі). 2. Прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне (бұдан әрі - прокуратура органдары) келісімшарт бойынша азаматтарды әскери қызметке қабылдау Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери лауазымдар және оларға сәйкес әскери атақтар Тізбесінің негізінде бос лауазымға іріктеу тәртібінде іске асырылады. 3. Кандидаттарды іріктеу бойынша прокуратура органдарының қызметі ашық және жариялы түрде іске асырылады. 4. Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеуді іріктеу комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) жүргізеді және келесі прокуратуралардың кадр жұмысы бөлімшелері (бұдан әрі - кадр жұмысының бөлімшелері): 1) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі - Бас прокуратура) - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (бұдан әрі - Бас Прокурор) тағайындайтын әскери лауазымдар бойынша; 2) Бас әскери прокуратура - Бас әскери прокурор тағайындайтын әскери лауазымдар бойынша қамтамасыз етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|