«Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарда: 2-бөлімнің 1-тарауының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халық денсаулығын нығайту «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының мақсаты болып табылады.»; 2-бөлімнің 6-тарауында: сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер жүйесінде кемсітушілік дефиницияларды жоққа шығару мақсатында 2016 жылдан бастап медициналық-әлеуметтік мекемелер әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары болып қайта құрылды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|